1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банкте екінші деңгейлі банктермен бірге экономиканы қолдау және қаржы нарығын дамыту мәселелеріне арналған кездесу өтті

Ұлттық Банк Төрағасы Тимур Сүлейменов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова екінші деңгейлі банк басшыларымен кездесу өткізді.

Жиынға мемлекеттік органдардың, «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының өкілдері де келді.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы ҚР капитал нарығын дамытуды ынталандыру, оған «Бәйтерек» холдингін тарту, корпоративтік банкроттық пен кәсіпорындарды қаржылық сауықтыру рәсімдерін жетілдіру, сондай-ақ салықтық әкімшілендіру бойынша мәселелерді қарауға ұсынды.

Іс-шара барысында «Бәйтерек» холдингі даму институттары мен екінші деңгейлі банктер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, синдикатталған несие беру тетіктерін кеңейту және инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру, сондай-ақ Энергетика мен коммуналдық саланы жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны (ЭКСЖ) іске асыру бойынша ұсыныстар айтты.

Жоба кеңсесінің тиімділігін арттыру және даму институттары мен екінші деңгейлі банктер арасында бизнеске несие беру функцияларын бөлу туралы келісімге қол жеткізілді. Атап айтқанда, «Бәйтерек» холдингі 15 млрд теңгеден асатын ірі және стратегиялық жобаларды, сондай-ақ машина жасау, құрылыс материалдары мен агроөнеркәсіп кешені саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыруға айрықша назар аударады. Бұл тетіктер «Бәйтерек» холдингінің Директорлар кеңесімен биылғы шілде айының соңына дейін бекітіледі.

Тараптар бағалы қағаздар нарығын дамыту бағдарламасын әзірлеуді, облигация шығару және секьюритилендіру механизімдерін жетілдіруді, сондай-ақ заңды тұлғалар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуді қоса алғанда, отандық капитал нарығын дамытуға қатысты мәселелерді талқылады.

Қатысушылар экономиканың нақты секторын қаржыландыру мен іскерлік белсенділікті ынталандыру мақсатында Ұлттық Банк, ҚНРДА, Үкімет және ЕДБ арасындағы бірлескен жұмыстарды күшейту қажеттілігін атап өтті.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz  

Жоғарыға