ЕАЭО-ға қатысушы елдердің орталық банк өкілдері бүгінгі экономикалық ахуалды талқылады
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің орталық банк басшылары Бішкек қаласында өткен Ұлттық (орталық) банктердің консультациялық кеңесі отырысына қатысты.
Консультациялық кеңестің мүшелері инфляцияны қалыптастырушы факторлар мен оның динамикасын, сондай-ақ ЕАЭО елдеріндегі экономикалық белсенділік конъюнктурасын талқылады.
Тараптар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердегі кредиттік ұйымдардың негізгі көрсеткіштері салыстырылған талдаумен танысып, банк секторын реттеуге қатысты әр түрлі елдердегі ерекшеліктер төңірегінде ой бөлісті.
Отырыс барысында тараптар өз елдерінің қаржы нарығында жасанды интеллектіні реттеу және дамыту мәселелері бойынша да пікір алмасты.
Кеңестің келесі отырысы 2026 жылдың күзінде Беларусь Республикасында өтетін болды.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz