1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банкте Ашық деректер репозиторийін дамыту бойынша сарапшылық сессия өтті

«Деректердің ашық болу» қағидатын жүйелі түрде ендіру аясында Ұлттық Банктің Ашық деректер репозиторийін пайдаланушылармен алғашқы сессия өтті. Ашық деректер репозиторийі (data.nationalbank.kz) – қаржы нарығының статистикасын машинада оқылатын нысанда жариялауға арналған бірыңғай терезе – бета-режимде 2024 жылдан бастап жұмыс істейді.

Сарапшылық сессия кезінде Ұлттық Банк деректерінің экожүйесін дамытудың негізгі бағыттары, сонымен қатар Цифрлық Ұлттық Банкті, Деректер фабрикасын дамыту және Ашық деректер репозиторийін жаңғырту бойынша бастамалар бойынша презентация жасалды.

Ашық пікірталас аясында қатысушылар ашық деректерді дамытудағы өзекті мәселелерді, пайдаланушылардың қажеттілігін, жарияланатын негізгі деректер жиынтығын, ақпараттың қолжетімділігіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ цифрлық сервистерді дамыту мен Ашық деректер репозиторийін одан әрі жетілдіру перспективаларын талқылады.

Сарапшылық сессияның қорытындысы бойынша, қатысушылар Ұлттық Банктің цифрлық трансформациясында ашық деректер жүйесін дамыту аса маңызды рөл атқаратынына назар аударды. Айтылған ұсыныстар мен ұсынымдар Ашық деректер репозиторийін одан әрі дамыту және деректерді басқару бойынша Ұлттық Банктің жобаларын іске асыру кезінде пайдаланылатын болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады: 
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға