Ұлттық Банк төлем инфрақұрылымы мен цифрлық қаржы активтерін дамыту мәселелері бойынша банктермен кездесу өткізді
Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) Алматы қаласында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, екінші деңгейлі банктердің және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басшыларымен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында тараптар екінші деңгейлі банктердің Мобильді төлемдердің банкаралық жүйесіне қатысу мәртебесін, сондай-ақ мобильді аударымдар мен QR-төлемдер сервисін енгізу бойынша келешек қадамдарды қарастырды. Биылғы 7 шілдеден бастап бірыңғай QR жүйесін кезең-кезеңімен кеңейтіп, оны 2026 жылғы 19 шілдеде толыққанды іске қосу жайында шешім қабылданды.
Екінші деңгейлі банктердің цифрлық активтер нарығындағы субъектілермен өзара іс-қимылы, цифрлық теңгені пайдалану, сондай-ақ банктерге мемлекеттік ақпараттық сервистерді қолжетімді ету тәртібіне бағытталған тәсілдерді жетілдіру мәселелеріне айрықша ден қойылды.
Кездесу соңында қатысушылар қаралған мәселелер төңірегінде өзара пікір алмасып, оларды одан әрі іске асыру бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға дайынбыз деген қорытындыға келді.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz