1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

ІБИ 50,0 деңгейінде: іскерлік белсенділікте өзгеріс жоқ

2026 жылғы маусымдағы іскерлік белсенділік туралы ҚҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі 

Маусым айында іскерлік белсенділік индексі (ІБИ) 50,0 болды. Бұл бейтарап деңгейге сәйкес келеді және ол іскерлік белсенділік өткен кезең деңгейінде сақталғанын көрсетеді.

Құрылыс пен өндірісте белсенділік жақсарған, мұнда индекстер өсу жағында қалып, тиісінше 54,4 және 52,5 (мамырда – 55,0 және 53,0) болды. Қызмет көрсету секторында индекс – 49,7 (мамырда – 51,5), тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 46,7 (49,6), саудада – 48,2 (49,9).

ИДА июнь каз. 2026.jpg

Бизнес-ахуал индексі (БАИ) 2026 жылғы маусымда 8,2 болды. Бизнес жүргізудің қазіргі және келешек жағдайын бағалау көрсеткіші өткен аймен салыстырғанда төмендегенін байқауға болады, әйтсе де, екі көрсеткіш те оң аймақта қалып отыр.

ІБИ мен БАИ динамикасы туралы егжей-тегжейлі ақпаратпен Ашық деректер репозиторийінің бета-нұсқасында Qlik Sense платформасында дайындалған дашборд «Сараптау» бөлімінде мына сілтемеге өтіп танысуға болады.

Интерактивті дашборд сұрыпталған деректерді құруға, сүзгілер қолданып диаграммалар жасауға, кез келген кезеңнің көрсеткіштерін талдауға, сондай-ақ нәтижелерді экономика секторлары мен кәсіпорындардың көлемі (ірі, орта және шағын) жағынан қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, таңдалған параметрлерге сәйкес деректер қатарын Excel форматында жүктеп алуға да болады. 

Толығырақ – Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz  
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға