1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Валюталық реттеу мәселелері бойынша ҚРҰБ Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына валюталық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҰБ Басқарма қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленгенін хабарлайды.

Жоба қаржылық инфрақұрылымды одан әрі дамытуға, цифрлық қаржылық активтерді қолдану мүмкіндігін кеңейтуге және халықаралық есеп айырысудың инновациялық тетіктерін енгізуге қолдау көрсету мақсатында әзірленді.

Жеке тұлғалар үшін қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуға қатысты қолданыстағы тәртіп өзгеріссіз қалады.

Қазіргі уақытта Ұлттық Банктің ерекше реттеу режимі (реттеушілік сынақ алаңы) аясында цифрлық қаржылық активтерді және өзге де заманауи қаржы құралдарын пайдалана отырып, сыртқы экономикалық операциялар бойынша есеп айырысу ісін жүргізу тетіктері сынақтан өткізіліп жатыр.

Осыған байланысты жобада халықаралық есеп айырысу ісін цифрлық қаржылық активтерді пайдалана отырып жүргізуді қамтамасыз ететін операциялар аясында пилоттық жобаларға қатысушы заңды тұлғалардың қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуына байланысты жекелеген рәсімдерді нақтылау көзделген. Сондай-ақ жоба жекелеген есептілік нысандарын толтыру тәртібін нақтылауға бағытталған редакциялық түзетулерді қамтиды.

Жобаға берілетін ақпараттық кестемен ашық нормативтік құқықтық актілердің ресми интернет-порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15853232.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға