ҚРҰБ Басқармасы цифрлық қаржы активтерін дамыту жобалары мен 2026 жылғы бірінші тоқсандағы Ұлттық қор есебін мақұлдады
Ұлттық Банктің Басқарма отырысында қаржы нарығын реттеуші органдардың 2025–2029 жылдарға арналған цифрлық трансформация стратегиясы қалай іске асырылып жатқаны қаралды. Cтратегия Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымы мен технологиялық базаны дамытуға, бірыңғай АТ-орталықты құруға және деректерді заманауи басқару инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған 100-ден астам жобаны қамтиды.
Ұлттық Банктің реттеу алаңы аясында төрт жаңа пилоттық жобаны іске қосу мақұлданды. Соның ішінде стейблкоин (теңгеге байланған) шығару мен айналымға енгізу, материалдық құқықтарға негізделген цифрлық активтер шығару, сондай-ақ криптоәмиянды толықтыру үшін электронды ақшаны пайдалану жобалары бар. Сонымен қатар төлем жасау кезінде криптовалютаны автоматты түрде теңгеге айырбастап, қабылдауға мүмкіндік беретін төртінші жобаны іске қосу жоспарда бар.
Бұдан бөлек, ҚҰБ Басқармасы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын 2026 жылғы бірінші тоқсандағы сенімгерлік басқару нәтижесі туралы есепті де бекітті. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша нысаналы талаптарды шегергеннен кейін қор активтерінің нарықтық құны бірінші тоқсанның аяғында 76,3 млрд АҚШ доллары болды.
2025 жылға арналған «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның (бұдан ары – БЖЗҚ) аудиттен өткен жылдық қаржылық есебі қаралып, бекітілді. 2025 жылы «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында БЖЗҚ-дан нысаналы жинақтар бойынша төленген қаражат көлемі 22,6 млн АҚШ долларына (2024 жылы – 4,7 млн АҚШ доллары) жетті, оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсартуға – 14,4 млн АҚШ доллары (2024 жылы – 2,7 млн АҚШ доллары), білім алуға 8,2 млн АҚШ доллары (2024 жылы – 2,0 млн АҚШ доллары) бөлінді.
Басқарма отырысында коллекциялық монеталардың дизайнын бекіту, оларды жасау және айналымға шығару мәселелері де қаралды.
БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz