1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Ресей Банкі валюталық своп туралы келісім жасасты

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Ресей Банкі ұлттық валюталардағы своп туралы келісімге қол қойды. Келісімге сәйкес, тараптар қажет болған жағдайда орталық банк ретіндегі міндетті орындауға жәрдемдесу үшін екінші жақтың валютасындағы қысқамерзімді өтімділікті пайдалана алады. Своп-желінің көлемі – 225 млрд теңге (35 млрд Ресей рублі).

Келісім үш жылға жасалды және әр мәміленің мерзімі 1 жылдан аспайды, сондай-ақ операциялар нарықтағы пайыздық мөлшерлемелер бойынша жүреді.

Валюталық своп – халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылатын, орталық банктерге өзара байланыс орнатуға мүмкіндік беретін стандартты тетік.

Своп туралы келісім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Ресей Банкі арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған маңызды қадам саналады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон нөміріне хабарласып ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға