1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Салалық шолу: өңдеу өнеркәсібі мен құрылыста сұраныс өсті

2026 жылғы I тоқсанда экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарда жүргізілген сауалнама нәтижесі (салалық конъюнктуралық шолу) бойынша ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявскийдің түсіндірмесі

2026 жылғы I тоқсанда өңдеу өнеркәсібі мен құрылыста дайын өнімге деген сұраныста оң динамика байқалды. Сонымен қатар II тоқсанда шамамен барлық саладағы кәсіпорындар сұраныс өседі деп күтеді.   

Есепті кезеңде барлық салада дайын өнімнің, шикізат пен материалдардың бағасы өскені сезілді. 2026 жылғы II тоқсанда дайын өнім, шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқыны баяулайды деп күтіледі.

2026 жылғы I тоқсанда шамамен барлық салада жұмыспен қамтылғандар саны артқан кезде өндіріс көлемі төмендегені тіркелді. 2026 жылғы II тоқсанда өндіріс көлемі ұлғаяды деп күтіледі.

Сату рентабельділігі шамамен барлық салада өсті, бұл ретте пайданы күтетін кәсіпорындардың үлесі шығынды күтетіндер үлесінен бірнеше есе асып түсті.

Сауалнамаға тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік және қоймада сақтау саласынан 2,7 мыңнан астам кәсіпорын қатысты.

Толығырақ Ұлттық Банктің интернет-ресурсында 

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға