Заемдар мен микрокредиттер бойынша ЖТСМ шекті мөлшеріне қатысты Ұлттық Банк пен ҚНРДА бірлескен қаулысын қабылдау туралы
Құжатта ЖТСМ-нің қолданыстағы шекті мөлшері қайта бекітілді
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) мен Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – ҚНРДА) биылғы 29 сәуірде «Заемдар және микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерін айқындау туралы» ҚҰБ пен ҚНРДА Басқармаларының бірлескен қаулысын (бұдан әрі – Бірлескен қаулы) қабылдады.
Бірлескен қаулы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 2026 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыруда заңнаманың жаңартылған нормаларына сәйкестендіру үшін қабылданды.
Бірлескен қаулымен ЖТСМ-нің қолданыстағы шекті мөлшерлері:
кепілсіз банктік қарыздар бойынша – 46%;
кепілмен қамтамасыз етілген банктік қарыздар бойынша – 35%;
ипотекалық тұрғын үй қарыздары – 25% (2026 жылғы 1 шілдеден бастап 20%);
МҚҰ беретін микрокредиттер бойынша – 46%;
күнтізбелік 45 күнге дейінгі мерзімге 45 АЕК-тен аспайтын мөлшерде МҚҰ беретін микрокредиттер бойынша – күніне 0,3%-дан кем, бірақ 179%-дан аспайтын мөлшерде қайта бекітілді.
Бірлескен қаулы 2026 жылғы 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бірлескен қаулының толық мәтінімен ҚҰБ ресми интернет-ресурсында танысуға болады.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz