1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк сыртқы басқарушыларды таңдау қағидаларын жаңартады

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау және активтерді сыртқы басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» ҚҰБ Басқармасының қаулы жобасы (бұдан әрі – Қаулы жобасы) әзірленгенін хабарлайды.

Қаулы жобасы сыртқы басқарушыларды таңдау және активтерді сыртқы басқаруға беру тәртібін реттейтін қолданыстағы үш нормативтік құқықтық актіні бірыңғай нормативтік құқықтық актіге шоғырландыру мақсатында әзірленді: ҚҰБ 2020 жылғы 19 наурыздағы № 30 Басқарма қаулысы (Ұлттық Банктің алтын-валюта активтері), ҚҰБ 2020 жылғы 19 наурыздағы № 29 Басқарма қаулысы (Ұлттық қордың активтері) және ҚҰБ 2020 жылғы 15 маусымдағы № 78 Басқарма қаулысы (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері).

Бұдан басқа, жоба аясында сыртқы басқарушылардың жұмыс тиімділігін бағалау әдістемесі жаңартылды: сандық және сапалық өлшемшарттар кеңейтілді, әртүрлі уақыт горизонттарындағы қолжетімді көрсеткіштерді ескере отырып қорытынды бағалауды есептеу тәртібі регламенттелді, сондай-ақ сыртқы басқарушылармен одан әрі ынтымақтастыққа қатысты шешімдер қабылдау тетігі нақтыланды. Аталған өзгерістер сыртқы басқарушылармен жұмыста неғұрлым өлшенген және жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді.

Қаулы жобасы бойынша ақпараттық кестемен және құжаттың негізгі мазмұнымен Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

Толығырақ ақпараттытелефон арқылы алуға болады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға