ІБИ: іскерлік белсенділік көп секторда едәуір жақсарды
2026 жылғы сәуірдегі іскерлік белсенділік туралы ҚҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі
2026 жылғы сәуірде іскерлік белсенділік индексі 50,7 (наурызда – 49,4) болып, оң аймаққа көшті.
Іскерлік белсенділік индексінің динамикасы тау-кен өндіру өнеркәсібінен басқа барлық секторда жақсарды. Өндірістегі, көрсетілетін қызметтердегі және құрылыстағы индекстер тиісінше 53,7, 51,0 және 50,4 (наурызда – 50,6, 50,7 және 44,9) болып, өсу аймағында қалды. Тау-кен өндіру өнеркәсібі мен саудада индикаторлар төмендеу аймағында қалып, тиісінше 48,5 және 49,1 болды (наурызда – 49,6 және 48,2). Өндірісте жаңа тапсырыстар көлемі, жұмыспен қамту деңгейі мен жаңа өнім көлемі едәуір өскені байқалады.
1-график. Іскерлік белсенділік индексінің (ІБИ) динамикасы

Бизнес-ахуал индексі (БАИ) 2026 жылғы сәуірде бизнес жүргізудің қазіргі және келешек жағдайларын бағалау көрсеткіші жақсарды – 11,1 (наурызда – 8,2). Кәсіпорындар сұраныстың айтарлықтай жақсарғанын да атап өтті.
Толығырақ – Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz