1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

FIFA WORLD CUP 2026 коллекциялық монеталары сатуға шығарылатыны туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі «Спорт» сериясынан FIFA WORLD CUP 2026 коллекциялық күміс монеталары 2026 жылғы 5 мамырдан бастап ҚҰБ https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатылатынын хабарлайды.

Алтын жалатылған FIFA WORLD CUP 2026 монетасы 925 сынамалы күмістен дайындалған және түрлі түсті баспа технологиясы қолданылған.

Монета массасы – 20 грамм, диаметрі – 37 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1000 теңгелік.

Монеталардың таралымы Қазақстанның ішкі нарығы үшін – 1500 дана.

Толығырақ ақпаратпен баспасөз релизінен танысуға болады.

Монетаның бейнесі 

FIFA монета .png

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға