Ұлттық Банк ұлттық валютаның ресми бағамы белгіленетін шетел валюталарының тізімін кеңейтеді
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларына өзгерістер енгізу бойынша ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының қаулы жобасы1 (бұдан әрі – Қаулы жобасы) әзірленгенін хабарлайды.
Қаулы жобасы ҚР Ұлттық Банкі ұлттық валютаның ресми бағамын белгілейтін шетел валюталарының тізімін (бұдан әрі – Тізім) кеңейту, сондай-ақ Басқарма қаулысын 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған ҚР Конституциясына, ҚР Салық және Цифрлық кодекстеріне, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» ҚР Заңына және Ұлттық Банк туралы ережеге сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Ұлттық валютаның ресми бағамы белгіленетін шетел валюталарының тізімін жаңарту аясында осы Тізімді 39-дан 48 валютаға дейін кеңейту көзделеді.
Қаулы жобасында Тізімге мына елдердің 9 ұлттық валютасын қосу ұсынылады: Вьетнам, Мысыр, Израиль, Индонезия, Қатар, Моңғолия, Оман, Пәкістан, Румыния.
Тізімді кеңейту туралы шешім соңғы 5 жылдағы сауда айналымына, төлемдердің көлемі мен валюталарына жасалған талдау негізінде қабылданды. Бұған қоса, жеке және заңды тұлғалардан ресми бағам бойынша түскен сұраныстардың тарихы да ескерілді.
Қаулы жобасы туралы ақпарат кестесімен ашық нормативтік құқықтық актілердің ресми интернет-порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15816214.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz
1 «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 Басқарма қаулысына өзгерістер енгізу туралы»