1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында бастапқы дилерлер институтын енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесіп, 2026 жылғы 4 мамырдан бастап мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында бастапқы дилерлер институты іске қосылатынын хабарлайды.

Осыған дейін жүргізілген мониторинг кезеңіне сүйене отырып, ЦентрКредит Банкі, Еуразиялық банк, Kaspi Bank, ForteBank және Қазақстан Халық Банкі бастапқы дилерлер болып белгіленді.

Бастапқы дилерлер жұмысын енгізу мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың маңызды кезеңі саналады.

Жаңа жүйе бойынша бастапқы дилерлер мемлекеттік бағалы қағаздарға тұрақты сұранысты қамтамасыз етеді және қайталама нарықта жеке құралдар үшін екі жақты баға белгілеуді қолдайды, ол және ашық әрі өтімді баға белгілеуді қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, нарықтың өзге қатысушылары үшін мемлекеттік бағалы қағаздармен қайталама нарықта операция жүргізуге толық әрі кедергісіз қолжетімділік сақталады.

Бұдан әрі, бастапқы дилерлік жүйені енгізу инвесторлар үшін анағұрлым қолайлы жағдай қалыптастырады. Өтімділік артып, спредтер қысқарып, тұрақты баға котировкасының болуы мемлекеттік облигациялармен операцияларды жеңілдетіп, баға белгілеуді болжамды ете түседі.

Бұл жоба нарықтық өтімділікті айтарлықтай арттырып, инвесторлар базасын кеңейтеді деп күтілуде.

Бастапқы дилерлік жүйені дамыту қазақстандық мемлекеттік бағалы қағаздардың халықаралық тартымдылығын да арттырады, оларды жаһандық индекстерге, соның ішінде JPMorgan GBI-EM индексіне енгізуге мүмкіндік береді және мемлекет үшін қарыз алу құнын төмендетуге ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ішкі қарыз нарығын дамытуға және оның тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырады.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға