1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк сарапшыларды: инфляция, несиелеу, мемлекеттік қаржы және капитал тақырыбында жасалған зерттеу нәтижесін ғылыми-практикалық конференцияда талқылауға шақырады

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2026 жылғы 30 сәуірде Алматы қаласында өтетін «Экономикалық саясатты интроспективті талдау: күтулерден шешімдерге дейін» атты VI ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

Конферецияда Ұлттық Банк қызметкерлерінің, сарапшылық және академиялық қауымдастық өкілдерінің төмендегі бағыттар бойынша жүргізген зерттеу нәтижесі ұсынылады:

•    I сессия. Инфляциялық күтулер және сезілетін инфляция: факторлар мен медиариторика;
•    II сессия. Макрошок жағдайындағы мемлекеттік қаржы;
•    III сессия. Несие циклдері және қаржы тұрақтылығы: аллокация және өлшеу;
•    IV сессия. Қазақстандық капитал: макро және микро көзқарас.

Конференцияға тыңдаушы ретінде қатысу үшін conference@nationalbank.kz поштасына жазып, алдын ала онлайн-тіркелу қажет.

Толығырақ ақпаратты ұйымдастырушылардан – conference@nationalbank.kz поштасына жазып немесе 8 (727) 278 80 58 нөміріне қоңырау шалып алуға болады.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты келесі байланыс нөмірі арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға