Сарапшылар инфляция бойынша болжамдарын қайта қарап, сыртқы ахуалға қатысты бағалауларын жақсартты
Қазақстан Ұлттық Банкі сарапшылар қауымдастығы арасында жүргізілген кезекті макроэкономикалық сауалнаманың нәтижесін жариялады.
Brent маркалы мұнай бағасы, ЖІӨ, инфляция, базалық мөлшерлеме, тауарлар мен қызметтердің экспорты және импорты, сондай-ақ теңге бағамы – сауалнаманың негізгі параметрі болды.
Мұнай бағасы мен экономикадағы өсім
Мұнай бағасына қатысты сценарийлік шарттар барлық болжам көкжиегінде жоғарыға қарай қайта қаралды. 2026 жылы Brent маркалы мұнайдың бағасы орта есеппен 1 баррельге – 80 АҚШ доллары көлемінде болады деп күтіліп отыр. 2027 және 2028 жылдары баррелі – 70 АҚШ доллары деңгейінде.
Қазақстан экономикасының өсіміне қатысты болжамдар айтарлықтай өзгерген жоқ. Ортамерзімді кезеңде ЖІӨ өсімі біртіндеп потенциал деңгейге жақындайды. 2026 жылы өсім 5,0% деңгейінде, 2027 жылы – 4,6%, 2028 жылы – 4,3% болады деп күтіледі.
Инфляция және базалық мөлшерлеме
Инфляциялық күтулер – 8,0%-дан 8,6%-ға дейін 2027 жылға қайта қаралды. Ал 2026 және 2028 жылдарға арналған бағалаулар тиісінше 10,0% және 7,0% деңгейінде сақталды. Осыған байланысты базалық мөлшерлеме бойынша 2027 жылға арналған медианалық болжам да жоғарылады – 12,0%-дан 13,3%-ға дейін. 2026 жылдың соңына арналған күтулер 15,9% деңгейінде сақталды, 2028 жылға – 11,0%-дан 11,3%-ға дейін аздап көтерілді.
Сауалнамаға қатысқан респонденттердің құрамы туралы
Сауалнамаға Қазақстан аумағында макроэкономикалық көрсеткіштерді талдаумен және болжаумен айналысатын 14 ұйым қатысты. Респонденттердің қатарына нарықтың кәсіби қатысушылары, зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар мен рейтингтік агенттіктер кіреді.
Макроэкономикалық сауалнамаға Ұлттық Банк болжамдары кірмейтінін атап өткен жөн. Ол қазақстандық және әлемдік нарықтардағы ахуалдың дамуы жайында нарықтағы кәсіби қатысушылардың тәуелсіз пікірлеріне, бағалауларына және күтулеріне жасалған шолудан тұрады.
Толығырақ Ұлттық Банктің интернет-ресурсында
БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 775 205
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz