1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Сараптамалық-талдау клубының отырысы: Ұлттық Банк тұрғын үй нарығындағы бағаның қалыптасуына қатысты зерттеу ұсынды

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) академиялық орта өкілдерінің, қаржы нарығының қатысушылары мен сарапшылардың қатысуымен өтетін сараптамалық-талдау клубының бесінші отырысын өткізді.

Іс-шара аясында Қазақстандағы тұрғын үй нарығында баға қалай қалыптасатынына қатысты зерттеулердің нәтижесі ұсынылды. Тақырыбы ұқсас болғанымен, әдіснамасы мен пайдаланылған дереккөзі әртүрлі екі зерттеу қаралды.

Бірінші зерттеу тұрғын үй сатып алу-сату мәмілелері бойынша нақты транзакциялық деректерге негізделген. Онда жылжымайтын мүліктің қай жерде орналасқаны мен инфрақұрылым деңгейі сияқты сапалық сипаттамаларды ескеруге мүмкіндік беретін заманауи тәсілдер қолданылған. Зерттеу қазір жариялауға дайындық кезеңінде тұр.

Екінші зерттеу тұрғын үй сату туралы хабарландыру жарияланатын онлайн-платформа деректеріне негізделген. Нәтижесінде тұрғын үй нарығындағы ұсыныс бағасын сипаттайтын модель жасалып, бағаға әсер ететін негізгі факторлар анықталды.

Ұсынылған материалдар тұрғын үй нарығындағы баға динамикасына ықпал ететін факторларды анықтау үшін жүргізілген Ұлттық Банктің аналитикалық және зерттеу жұмыстарының нәтижесін көрсетеді.

Сондай-ақ отырыста мазмұнды пікір алмасу өтті. Жиынға қатысушылар басты қорытындыларды талқылап, жүргізілген зерттеулердің өзекті екенін растады.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға