1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Наурыз айында іскерлік белсенділік өндіріс пен қызмет көрсету саласында артты

2026 жылғы наурыздағы іскерлік белсенділік туралы ҚҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі 

2026 жылғы наурызда іскерлік белсенділік өндіріс пен қызмет көрсету саласында оң аймақта қалды: индекстер тиісінше 50,5 және 50,7 деңгейінде қалыптасты (ақпанда — 51,8 және 50,7). Құрылыс, сауда және тау-кен өнеркәсібінде көрсеткіштер төмендеу аймағында қалып, тиісінше 44,6, 48,0 және 49,6 болды (ақпанда — 45,1, 47,6 және 49,7).

Ал 2026 жылғы наурызда бизнес-ахуал индексі (БАИ) жақсарып, 7,6 (ақпанда — 3,8) болды. Бизнес-цикл «сағатының» индикаторы өсу аймағына өтті. Қазіргі ахуалға берілген баға аздап қана оң нәтиже көрсетті, ал келешек жағдайға қатысты оптимизм айтарлықтай жақсарды.

kz IDA.png

Сонымен қатар респонденттер сұраныс өндіріс пен қызмет көрсету секторында жақсарғанын, сауда мен құрылыста – біршама төмендегенін атап өтті. 

Толығырақ – Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz   
www.nationalbank.kz  

Жоғарыға