1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстан Ұлттық Банкі P2P Financial Systems ХІІ халықаралық практикалық семинарын өткізеді

Қазақстан Ұлттық Банкі 2026 жылғы 9–10 маусым күндері Астана қаласында P2P Financial Systems International Workshop (P2PFISY) ХІІ халықаралық практикалық семинарын өткізеді.

P2PFISY орталықтандырылмаған қаржы жүйесі саласында он екі жылдан бері ғылыми, реттеушілік және инновациялық диалогқа арналған дәстүрлі жетекші алаңға айналып келеді. Мұндай семинар бұған дейін Кливленд Федералды резервтік банкінің, Еуропа Орталық банкінің, Италия Банкінің, Англия Банкінің, Канада Банкінің, Нидерландтардың Орталық банкі мен Уругвай Орталық банкінің қолдауымен және қатысуымен өткізілген.

Бұл жолы семинарға әлемнің әр түпкірінен 150-ге жуық сарапшы қатысады деп күтілуде. Олардың арасында орталық банктердің, реттеушілер мен академиялық қауымдастықтың және индустрия саласының белді өкілдері бар. P2PFISY 2026 Exponential Science Foundation қоры мен Fintech Network Kazakhstan қолдауымен өткізіледі.

Орталықтандырылмаған қаржы жүйесі мен цифрлық салада жұмыс істейтін зерттеушілер мен практиктер іріктеуге (Call for Papers) өз ғылыми жұмыстарының аннотациясын (тезисін) ұсына алады. Іріктелген жұмыстар Астана қаласында өтетін практикалық семинар барысында таныстырылып, талқыланады.

Өтінімдер мына бағыттар бойынша қабылданады:
•    реттеу және комплаенс
•    алаяқтық және қаржы саласындағы қылмыстар
•    орталық банктердің цифрлық валюталары (CBDC)
•    стейблкоиндер және цифрлық төлемдер
•    қаржы жүйесіндегі жасанды интеллект
•    тұтынушыларды қорғау және деректерді басқару
•    нақты активтерді токенизациялау

Аннотацияны мында ұсынуға болады: p2pfisy.com/call-for-papers       

Қатысуға шақыру алу үшін: luma.com/xtakca66

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға