Ұлттық Банк зерттеу жұмыстарына берілетін гранттарға конкурс жариялайды
Қазақстан Ұлттық Банкі зерттеу жұмыстарына грант үлестіру үшін ізденушілер арасында конкурстық іріктеу өтетінін хабарлайды.
Конкурстық іріктеуге қатысуға:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруға, зерттеу қызметіне, ғылыми қызметке немесе сауалнамалар жүргізу, деректерді интеграциялау арқылы деректерді жинау, сақтау және (немесе) өңдеу қызметіне байланысты мақсатқа, міндеттер мен функцияларға сәйкес қызметті жүзеге асыратын;
2) таратылу немесе банкроттық процесінде емес заңды тұлғалар (бұдан әрі – ізденушілер) жіберіледі.
Ізденушілерді конкурстық іріктеу «Қазақстанның банк секторының рентабельділігі және қаржылық тұрақтылық: қалыптасу факторлары және негізгі өзара байланыстарды талдау» атты зерттеу тақырыбына өтеді.
Өтінімдерді қарап болғаннан кейінгі нәтижеге қарай Ұлттық Банк зерттеу тақырыбы бойынша біреуден артық грант беру не мүлдем грант бөлмеу құқығына ие.
Конкурстық құжаттамада хабарландырудың толық мәтіні, оның ішінде зерттеу тақырыбы, зерттеулерге қойылатын талаптар, ізденушілерді іріктеу талаптары, Ұлттық Банктегі жауапты тұлғалардың байланыс деректері берілген.
Ізденушінің бірінші басшысының немесе ізденуші өкілінің сенімхаты негізінде уәкілеттік берілген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған ізденушілердің өтінімдері Ұлттық Банкке электрондық түрде ҚҰБ порталы арқылы беріледі.
Өтінім қабылдау басталатын күн – 2026 жылғы 17 наурыз.
Өтінім ұсыну бойынша соңғы мерзім – 2026 жылғы 30 сәуір.
Конкурсқа қатысты сұрақ туындаған жағдайда, мына электрондық мекенжайларға хабарласуға болады: esaphieva@nationalbank.kz, Kamilla.J@nationalbank.kz.
Гранттарды беру тәртібі Қазақстан Ұлттық Банкінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 47 Басқарма қаулысымен бекітілген қағидаларда белгіленгенін еске саламыз.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz