1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Инфляция мен инфляциялық күтулер жөніндегі аналитикалық материалдарды жариялау форматы жаңартылғаны туралы

Аналитикалық жарияланымдар жүйесін жетілдіру және ақпараттың қайталануына жол бермеу мақсатында Ұлттық Банк инфляция мен инфляциялық күтулер жөніндегі материалдарды ұсыну форматы мен жариялау мерзімділігін жаңартады. Атап айтқанда, инфляция бойынша аналитикалық материалдарды жариялау жиілігін қысқарту көзделеді.

Сонымен қатар, «Инфляциялық үрдістер» және «Инфляциялық күтулер» есептерінде жарияланатын аналитикалық ақпарат Ақша-кредит саясаты жөніндегі баяндамада, сондай-ақ Ұлттық Банктің баспасөз релиздерінде тұрақты түрде көрсетілуін жалғастырады. Бұл инфляциялық үдерістерді ақша-кредит саясаты аясында неғұрлым кешенді тұрғыда талдауға мүмкіндік береді.

Халықтың инфляциялық күтулеріне қатысты статистикалық деректер Ұлттық Банктің ресми сайтында бұдан әрі де орналастырыла береді. Инфляция бойынша бағалау және аналитикалық ақпарат, соның ішінде маусымдық түзетілген және базалық инфляция көрсеткіштері, базалық мөлшерлеме жөніндегі шешімдерді ақпараттық сүйемелдеу аясында жарияланады.

«Өңірлердегі инфляциялық үрдістер» жөніндегі аналитикалық ақпарат та базалық мөлшерлеме бойынша қабылданатын шешімдерді ақпараттық сүйемелдеу форматына көшіріледі.

Толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала аласыз:
+7 (7172) 775 210
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға