Ақша-кредит саясаты туралы баяндама: Ұлттық Банк болжамды 2028 жылға дейін жаңартты
Ұлттық Банк «Ақпан 2026. Ақша-кредит саясаты туралы баяндама» жариялады. Баяндамада болжамның алғышарттары, 2028 жылға дейінгі базалық және баламалы сценарийлер бойынша макроэкономикалық даму серпіні ұсынылған.
Құжат төлем балансының ағымдағы шотына қатысты болжамды, макроэкономикалық ахуал мен ақша, валюта және қаржы нарығындағы ахуал бойынша деректерді де қамтиды.
Сонымен қатар, баяндамада халықтың инфляциялық күтуін қалыптастыру кезіндегі ҚҚС арттыру факторы, Астана мен Алматыда шаршы метр бағасына қандай факторлар әсер етеді деген тақырыптарға арнайы бокстар берілген.
Толығырақ Ұлттық Банктің интернет-ресурсында
БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz