Ұлттық Банк өкілдері қаржы нарығының сарапшыларымен кездесті
Қазақстан Ұлттық Банкінде сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кезекті кездесу өтті. Жиынның мақсаты – ақша-кредит саясатының (бұдан әрі – АКС) ағымдағы жағдайы мен базалық мөлшерлеме бойынша 6 наурызда қабылданған шешімді талқылау. Диалог ашық форматта өтті. Іс-шараға макроболжаммен айналысатын мамандар мен қаржы аналитиктері, экономистер мен Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының өкілдері қатысты.
Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов, Ақша-кредит саясаты комитетінің мүшелері мен профильді бөлімшелердің басшылары қаржы нарығы мен ел экономикасында қалыптасқан жағдайға шолу ұсынды.
Кездесу кезінде қатысушылар инфляция динамикасы мен инфляциялық сын-қатерлерге тоқталып, макроэкономикалық дамудың негізгі үрдістерін талқылады.
6 наурыз күні Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 18,0% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Мұндай шешім жаңа болжамдарға, жаңартылған макроэкономикалық көрсеткіштерге мен инфляциялық сын-қатерлерді бағалауға негізделді. Базалық мөлшерлеме бойынша келесі жоспарлы шешім 2026 жылғы 24 сәуірде Астана уақытымен сағат 12.00-де жарияланады.
БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz