1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

«TÁŃIRLIK KÚNTIZBE» мен «MERCURY» коллекциялық монеталары сатуға шығарылатыны туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі «Сиқырлы нышандар» сериясынан «TÁŃIRLIK KÚNTIZBE» мен «Күн жүйесінің планеталары» сериясынан «MERCURY» коллекциялық күміс монеталары 2026 жылғы 20 ақпаннан бастап ҚҰБ-тың https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатылатынын хабарлайды.

«TÁŃIRLIK KÚNTIZBE» монетасы күмістен соғылған, сынамасы – 925. Монетаның салмағы 100 грамм, диаметрі 50 мм, дайындау сапасы – antique silver, номиналы – 1000 теңгелік, таралымы – 500 (бес жүз) дана.

Толық ақпарат баспасөз релизінде берілген.

«TÁŃIRLIK KÚNTIZBE» монетасының бейнесі 

1000 tenge.png

«MERCURY» монетасы да 925 сынамалы күмістен соғылған. Алтын жалату технологиясы қолданылған монетада тантал қондырмасы да бар. Монетаның салмағы 35 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1000 теңгелік, таралымы – 1000 (бір мың) дана.

Толық ақпарат баспасөз релизінде берілген.

«MERCURY» монетасының бейнесі

1000 tenge_.png

Коллекциялық монета Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға