Салаларға шолу: көп салада дайын өнімге сұраныс артты
2025 жылғы IV тоқсанда экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарда жүргізілген сауалнама (салаларға конъюнктуралық шолу) нәтижесі бойынша ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявскийдің түсіндірмесі
2025 жылғы IV тоқсанда көп салада дайын өнімге сұраныс артты. 2026 жылғы I тоқсанда барлық дерлік саладағы кәсіпорындар өз өнімдеріне сұраныс артады деп күтеді.
Салаларда негізінен дайын өнім мен шикізаттың және материалдардың бағасы бәсеңдеді. 2026 жылғы I тоқсанда салалардың едәуір бөлігінде дайын өнім, шикізат пен материалдар бағасының өсуі баяулайды деп күтіледі.
2025 жылғы IV тоқсанда біршама салада шығарылым ұлғайғаны тіркелді. 2026 жылғы I тоқсанда барлық дерлік сектордағы кәсіпорындар шығарылым ұлғая түсетініне сенімді.
Өндiрiс қуатының орташа мәндегі жүктемесi көлiк пен қоймада сақтауда, өңдеу өнеркәсiбі мен құрылыста артты. Осы көрсеткіштің ең жоғары мәні тау-кен өндіру өнеркәсібінде сақталып отыр.
Ең табысты болып қалған сала – тау-кен өндіру өнеркәсібі.
Сауалнамаға тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік пен қоймада сақтау саласында барлығы 2,7 мыңнан астам кәсіпорын қатысты.
Толығырақ Ұлттық Банктің интернет-ресурсында
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz