1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Кәсіпорындарға жүргізілген мониторинг: дайын өнім, шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқыны бәсеңдеді

2025 жылғы IV тоқсанда кәсіпорындарға жүргізілген мониторинг нәтижеcі туралы ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі     

Кәсіпорындарға жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша 2025 жылғы IV тоқсанда дайын өнім, шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқыны бәсеңдеді.     

Кәсіпорындарда өнім бағасының динамикасын өлшейтін диффузиялық индекс (ДИ) 59,3 болды (2025 жылғы ІІІ тоқсанда – 59,7). Кәсіпорындар 2026 жылғы І тоқсанда дайын өнім бағасының өсу қарқыны жеделдеп, шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқыны аздап бәсеңдейді деп күтеді. 

Кәсіпорындардың басым бөлігі үшін дайын өнімнің бағасын белгілеуде шикізат пен материал бағасы және сұраныс – ең маңызды фактор. Дегенмен, шикізат пен материал бағасының өсу қарқыны бәсеңдеген, ДИ – 71,6 (2025 жылғы ІІІ тоқсанда – 73,5).         

Кәсіпорындардың дайын өніміне сұраныс жақсарды, ДИ 51,0 болды. 2026 жылғы І тоқсанда нақты сектордағы кәсіпорындардың күтулері бойынша сұранысқа қатысты жағдай жақсарады.  

Жалпы экономикада сату көрсеткішінің орташа рентабельділігі (пайызды, салықты және амортизацияны төлеу шығынын шегергенге дейін) 24,1%-ға (25,5%) дейін төмендеп, бұрынғы орташа нормадан (23,2%) жоғары қалыптасты. 

IV тоқсанда сауалнамаға 3 482 кәсіпорын қатысты.    

Толығырақ Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10 
e-mail: press@nationalbank.kz 
 www.nationalbank.kz 

Жоғарыға