Қазақстанның 11 өңірінде инфляция баяулады
Қаңтарда елде жылдық инфляция 12,2% болды (2025 жылғы желтоқсанда – 12,3%).
Жылдық инфляция 11 өңірде баяулады, 8 өңірде жеделдеп, 1 өңірде бұрынғы деңгейде қалды.
Қаңтарда азық-түлік тауарларының бағасы жылдық мәнде 12,9% болды (2025 жылғы желтоқсанда – 13,5%). Осы топтағы тауарлардың бағасы Ұлытау облысында (16,2%) ең жоғары, ал Ақтөбе облысында (11,3%) ең төмен өсім көрсетті.
Қаңтар қорытындысы бойынша азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны жылдық мәнде 11,7%-ға дейін жеделдеді (2025 жылғы желтоқсанда – 11,1%). Ең жоғары мән Ақмола облысында (13,4%-дан), ең төменгі мән Батыс Қазақстан облысында (8,0%) тіркелді.
Қаңтарда ақылы көрсетілетін қызмет бағасының өсу қарқыны жылдық мәнде 12,0% деңгейінде өзгеріссіз қалды. Сонымен қатар Маңғыстау облысында (9,0%) баға жалпы республикалық деңгейден біршама төмен өсті.
Қаңтарда елде айлық инфляция 1,0%-ға өсті.
Толық ақпарат: Ұлттық Банктің интернет-ресурсында
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz