Жеке кәсіпкерлік субъекті бірлестіктерін аккредиттеу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларын, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жанындағы Кәсіпкерлік мәселесі жөніндегі сарапшылық кеңесте жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесін білдіру үшін жеке кәсіпкерлік субъекті бірлестіктерін аккредиттейтінін хабарлайды.
Өтініш беруші аккредиттеуге мынадай құжаттар ұсынады:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) құрылтайшы құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркеуден өткенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың қазақ және орыс тіліндегі электрондық көшiрмелерiн;
3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін.
Аккредиттеуден өтуге қажет құжаттар пакеті 2026 жылғы 25 ақпанға (қоса алғанда) дейін hq@nationalbank.kz электрондық пошта мекенжайына қабылданады (хабарламаның тақырыбында «аккредиттеуге қатысуға өтінім» деп көрсету шарт).
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz