1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Төлемдер мен ақша аударымдары мәселесі бойынша Ұлттық Банктің Басқарма қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Ұлттық Банк «Төлемдер мен ақша аударымдары мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Басқарма қаулысының (бұдан әрі – Жоба) жобасы әзірленгенін хабарлайды.

Жоба «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңға, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес келтіру мақсатында әзірленді. Соңғысы «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңға өзгерістер енгізді.

Жоба банктердің клиенттерге банктік шот ашқан кезде биометриялық аутентификация (Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы арқылы) жүргізу тәртібін нақтылайды. 

Бұдан басқа қаулыда исламдық банк операциялары бойынша бөлек есепке алуды енгізу бөлігінде «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңның нормаларымен байланыстырушы өзгерістер енгізіледі.

Жобаға ақпараттық кестемен ашық нормативтік құқықтық актілердің ресми интернет-порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15756509 

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға