1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Іскерлік белсенділік жақсарды

2026 жылғы қаңтардағы іскерлік белсенділік туралы ҚҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі 

2026 жылғы қаңтарда іскерлік белсенділік жақсарып, оң аймаққа оралды – 50,8 (2025 жылғы желтоқсанда – 49,9). Қызмет көрсету секторында белсенділік жақсарғаны сезіледі, онда индекс 52,1 болып, өсу аймағына ауысты (2025 жылғы желтоқсанда – 49,0). Ал өндіріс пен саудада индекс өсу аймағында қалып, 50,8 және 50,3 болды (2025 жылғы желтоқсанда – 52,0 және 51,3). Құрылыста 47,1 көрсеткішімен индекс жақсарғанына қарамастан, төмендеу аймағында қалып отыр (2025 жылғы желтоқсанда – 45,4), тау-кен өндіру секторында көрсеткіш 49,1-ге (49,4) дейін төмендеді. 

1-график. Іскерлік белсенділік индексінің (ІБИ)* динамикасы

ИДА 50,8 .png
 * Көрсеткіш мәні 50-ден жоғары болса – оң өзгерісті, 50 төмен болса – кері өзгерісті білдіреді. Индекс мәні 50-ден қаншалықты алшақ (жоғары немесе төмен бағытта) болса, көрсеткіштің өсу қарқыны (артуы немесе кемуі) соғұрлым жоғары болады.   

Бизнес жүргізудің бүгінгі жайы мен келешек жағдайын бағалау көрсеткіші төмендегендіктен, бизнес-ахуал индексі (БАИ) 2026 жылғы қаңтарда 4,4-ті құрады (2025 жылғы желтоқсанда – 5,2). Бизнес-цикл «сағатының» индикаторы көтерілу мен өсу аймағының шекарасында орыналды.

Барлық секторда сұраныс динамикасында жақсару үрдісі байқалады, тек өндіріс саласында ғана өсім қарқыны біршама баяулады.

Толығырақ – Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz  
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға