1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселесі бойынша ҚРҰБ Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі «Валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» ҰБ Басқарма қаулысының жобасы (бұдан әрі – жоба) әзірленгенін хабарлайды.

Бұл жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді, онда «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізілген.

Жобада валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін нақтылау көзделеді, халықаралық қаржы ұйымдарында ашылған резидент заңды тұлғалардың шотына мониторинг жүргізу тәртібі, валюталық операциялар бойынша есептілік нысанын нақтылау және оңтайландыру регламенттеледі.

Сондай-ақ, ҚР ішкі валюта нарығында заңды тұлғалардың шетел валютасын сатып алу тәртібінің мақсаттары үшін валюта заңнамасында айқындалған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасының шекті мәнін бекіту тетігі қайта қаралып жатыр.

Заңды тұлғалар үшін қолданыстағы шекті мән өзгеріссіз қалады, осы ретте бұл шек енді ҰБ Басқармасының жеке қаулысымен бекітіледі. Қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу және сату тәртібі өзгеріссіз қалады және ҚР Ұлттық Банкінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 Басқарма қаулысымен бекітілген ҚР-да валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларымен регламенттеледі.

Қосымша өзге де нақтылау және редакциялық түзетулер көзделеді.

Жобаға берілетін ақпараттық кестемен ашық нормативтік құқықтық актілердің ресми интернет-порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15753265

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
¬¬www.nationalbank.kz

Жоғарыға