1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

ҚҰБ «Назарбаев Университеті» ДБҰ-мен бірлескен бағдарлама аясында білім беру гранттарын бөледі

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Назарбаев Университеті» ДБҰ-мен бірлескен бағдарлама аясында білім гранттарына өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды. 

2026 жылы MSF «Master of Science in Finance» (Қаржы саласының ғылым магистрі) және MAE «Master of Arts in Economics» (Экономика саласының өнер магистрі) бағдарламалары бойынша гранттар бөлінеді. 

Бағдарламаның мақсаты – Ұлттық Банк пен оның еншілес ұйымдары үшін, сондай-ақ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі үшін білікті кадрлар даярлау.

Оқу 2026 жылғы тамыз айында басталып, 2 академиялық жылға созылады. Университетке құжат қабылдау ісі 13 ақпанға дейін жалғасады. Оқуға түсу үшін университет пен Ұлттық Банктің талаптарына және шарттарына сәйкес 2026 жылғы мамыр мен маусым айлары аралығында өткізілетін конкурстық іріктеуден өту қажет. 

Оқуды аяқтағаннан кейін және екі жақты әңгімелесуден соң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, оның филиалдары мен еншілес ұйымдарына, сонымен қатар ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналасу мүмкіндігі қарастырылады.

Бағдарламалардың мазмұны мен оқуға қабылдау талаптары https://gsb.nu.edu.kz/kz/msc_in_finance және https://ssh.nu.edu.kz/kz/mae сайттарында бар. 

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға