«Zn (мырыш)» коллекциялық монеталарының сатуға шығарылатыны туралы
Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Қазақстанның жер қойнауы» сериясынан «Zn (мырыш)» коллекциялық монеталары 2026 жылғы 20 қантарда ҚҰБ-тың https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатыла бастайтынын хабарлайды.
925 сынамалы күмістен соғылған монетаның мырыш қондырмасы бар. Монетаның массасы 32,5 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – black-proof, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 2 000 (екі мың) дана.
Монетаның бейнесі

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz