1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстанның 10 өңірінде инфляция баяулады

Желтоқсанда елде жылдық инфляция 12,3% болды (қарашада – 12,4%). 

Жылдық инфляция 10 өңірде баяулады, 7 өңірде жеделдеп, 3 өңірде бұрынғы деңгейде қалды.   

Желтоқсанда азық-түлік тауарларының бағасы жылдық мәнде 13,5%-ды құрады (қарашада – 13,4%). Осы топтағы тауарлардың бағасы Ұлытау облысында (16,5%) барынша жоғары, ал Алматы облысында (11,8%) мейілінше төмен өсті.                           

Желтоқсанның қорытындысы бойынша азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны жылдық мәнде 11,1%-ға дейін бәсеңдеді (қарашада – 11,2%). Ең жоғары мән Ақмола облысында (13,2%-дан), ең төменгі мән Батыс Қазақстан облысында (8,6%) тіркелді. 

Желтоқсанда ақылы көрсетілетін қызмет бағасының өсу қарқыны жылдық мәнде 12,0%-ға дейін баяулады (қарашада – 12,3%). Сонымен қатар Маңғыстау облысында (8,7%) баға жалпы республикалық деңгейден біршама төмен өсті.                     

Желтоқсанда ел көлеміндегі айлық инфляция 0,9%-ға өсті.   

Толық ақпарат: Ұлттық Банктің интернет-ресурсында.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz 
 www.nationalbank.kz  

786.95 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға