1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының ҚР Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларына қатысты қаулысының жобасын әзірлеу туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы ҚРҰБ Басқармасы қаулысының жобасын1  (бұдан әрі – Қаулының жобасы) әзірлегені туралы хабарлайды.

Қаулының жобасы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында2 Ұлттық қордың активтерін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізуге, оның қаражатын экономиканың жоғары технологиялық секторларына инвестициялауға, сондай-ақ крипторезерв құруға қатысты айтқан тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді.

Ұсынылып отырған өзгерістерде Ұлттық қорда табысы жоғары активтердің үлесін ұлғайту, сондай-ақ Қазақстан экономикасын дамытуға бағытталған нарықтық перспективасы жоғары жобаларға Ұлттық қордың жүйелі қатысу мүмкіндігін қоса алғанда, бірқатар шараларды іске асыру көзделеді.

Бұдан басқа, Қаулының жобасында Ұлттық қордың активтерін цифрлық қаржы активтеріне, сондай-ақ цифрлық технологияларды дамытатын немесе оларға инвестициялайтын компаниялардың акциялары мен үлестеріне инвестициялау мүмкіндігі көзделген.

Қаулының жобасы бойынша ақпараттық кестемен сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15742622  

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz  
www.nationalbank.kz   

[1] «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»

[2] Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Жоғарыға