1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Өндіріс пен саудада іскерлік белсенділік жақсарды

2025 жылғы желтоқсандағы іскерлік белсенділік туралы ҚҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі 

2025 жылғы желтоқсанда іскерлік белсенділік индексі төмендеді. Бұл ретте оның мәні бейтарап динамиканы білдіретін шекті деңгейге жақындап, 49,9 болды.

Өндіріс пен саудада белсенділік жақсарғаны байқалады, онда индекс 52,2 және 51,2 болып, өсу аймағынан көрінді (қарашада – 52,0 және 51,3). Тау-кен өндіру өнеркәсібінде, көрсетілетін қызметтер мен құрылыста индекстер теріс аймақта болып, тиісінше 49,5, 48,9 және 45,4 (қарашада тиісінше 50,2, 49,4 және 49,7) болды, құрылыста айтарлықтай төмендеу байқалды.

1-график. Іскерлік белсенділік индексінің (ІБИ)* динамикасы

ИДА 2026.png
* Көрсеткіш мәні 50-ден жоғары болса – оң өзгерісті, төмен болса – кері өзгерісті білдіреді. Индекс мәні 50-ден қаншалықты алшақ (жоғары немесе төмен бағытта) болса, көрсеткіштің өсу қарқыны (артуы немесе кемуі) соғұрлым жоғары болады.  

2025 жылғы желтоқсанда бизнес-ахуал индексі (БАИ) бизнес жүргізудің қазіргі және алдағы жағдайларын бағалау төмендегендіктен 5,3 (қарашада 9,9) болды. Бизнес-цикл «сағатының» индикаторы өсу аймағында қалды. 
Кәсіпорындардың бағалауы бойынша жалпы олардың өнімдеріне/көрсетілетін қызметтеріне деген сұраныс баяулады, бұл ретте өндірісте сұраныс біршама ұлғайғаны байқалады.

Толығырақ – Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz  
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға