ҚРҰБ қысқамерзімді ноталарын шығару бағдарламасын кеңейту туралы
Қазақстан Ұлттық Банкі 2026 жылдың басынан бастап ақша-кредит саясатының трансмиссиялық тетігінің тиімділігін арттыру аясында қысқамерзімді ноталар шығару бағдарламасын кеңейтеді.
Қазіргі уақытта айналымда қысқамерзімді ноталардың бір шығарылымы бар. Лимиттелген көлемі 500 млрд теңгеге дейін ноталардың айналым мерзімі – 1 ай.
2026 жылдан бастап 1 айлық ноталар ай сайын шығарылады, ал орналастырудың максимал көлемі 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылады.
Сонымен қатар, Ұлттық Банк максимал орналастыру көлемі 500 млрд теңгеге дейін, айналым мерзімі 3 айлық ноталарды ай сайын шығаруды жоспарлап отыр.
Қысқамерзімді ноталар шығарылымының ауқымы мен көлемін кеңейту ақша нарығындағы өтімділікті басқару тиімділігін арттыруға бағытталған.
Шығарылатын қысқамерзімді ноталардың егжей-тегжейлі кестесімен мына сілтемеге өтіп танысуға болады: https://nationalbank.kz/kz/auction/aukcion-nbk-po-razmeshcheniyu-kratkosrochnyh-not.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz