1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

ҚҰБ экономикалық шолуы: кредиттеу, мемлекеттік бағдарламалар тиімділігі, коммуникациялар мен реттеуші транспаренттілігі

Ұлттық Банк «ҚР Ұлттық Банкінің экономикалық шолуы» басылымының жаңа шығарылымын жариялады.

Шолуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі талдаушылары дайындаған бірқатар сараптамалық материалдар енді. Атап айтқанда, құжатта экономиканы кредиттеуге ықпал ететін факторлар, өңдеуші өнеркәсіпті мемлекеттік қолдаудың тиімділігі, тікелей шетелдік инвестиция ағымы, шикізат өндіруші елдердің макроэкономикалық көрсеткіштері, корпоративтік мәдениет мәселелері, сондай-ақ кәсіби нарық қатысушылары мен халықтың Ұлттық Банктің коммуникацияларын қабылдауы мен түсіну деңгейін бағалауға арналған мақалалар қамтылған.

Шығарылымда салалар бойынша біздің елімізде кредиттеуге әсер ететін макроэкономикалық факторларды талдау нәтижелері  жарияланды. Талдау барысында авторлар елдің кредит нарығының даму ерекшеліктерін анықтады. 

Ұлттық Банктің талдаушысы индустриялық саясатты іске асыру бағдарламаларына шолу жасап, Қазақстанның өңдеу өнеркәсібін дамытудағы мемлекеттік қолдаудың тиімділігін бағалады.

Шолудың жекелеген баптары Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың елімізге келу динамикасына, сондай-ақ шикізат экспорттаушы елдердің монетарлық және фискалдық саясатының режимі талдана отырып, сыртқы активтердің өсу динамикасы мен төлем балансының көрсеткіштеріне арналды.

Шығарылымда ҚРҰБ корпоративтік мәдениеті мәселелері бойынша шолу қамтылған, онда автор ұйымның мәдени бейініне диагностика жасап, салыстырмалы түрде талдау жүргізді. 

Сонымен қатар, басылымда Қазақстандағы коммуникациялық орта мен экономикалық нарративтердің негізгі элементтері және олардың реттеушінің ашықтығын  арттыру шараларына әсері талданатын мақала ұсынылды.

Экономикалық шолу ҚҰБ-тың https://nationalbank.kz/kz/news/ekonomicheskoe-obozrenie/rubrics/2344 интернет-ресурсында қолжетімді. 

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады: 
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға