1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңестің бірінші отырысының қорытындылары туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өкілдерінің қатысуымен Мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңестің бірінші отырысы өтті.

Кеңесте 2026 жылға арналған республикалық бюджетті қаржыландыру, мемлекеттік бағалы қағаздардың ішкі нарықта қарыз алу кестесін қалыптастыру мәселелері бойынша тәсілдерді қарастырып, мақұлдады.

Талқылау аясында Кеңес квазимемлекеттік сектор мен корпоративтік эмитенттер үшін нарықтық бағдарларды белгілеуге бағытталған мемлекеттік бағалы қағаздарды кезең-кезеңімен және болжамды орналастыру қағидаттарын қолдады.

Отырысқа қатысушылар сондай-ақ Мемлекеттік қарызды басқару саласындағы мемлекеттік органдардың іс-қимыл ашықтығын, болжамдылығын және келісімділігін арттыруға бағытталған бірлескен коммуникациялық саясатты қалыптастырудың негізгі қағидаттарын мақұлдады.  

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңестің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Жоспарда ішкі борыш нарығының жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу, қарыз алу параметрлерін үйлестіру, ішкі нарықты одан әрі дамыту және инвесторлар базасын кеңейту үшін пәрменді шаралар қабылдау көзделеді.

Кеңестің жұмысы теңгерімді борыштық саясатты қалыптастыруға, мемлекеттік облигациялардың ішкі нарығын дамытуға және инвесторлардың сенімін нығайтуға ықпал ететін болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10 
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға