Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты 22-23 наурыз күні ҚҰБ-тың интернет-ресурсы уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңес құрылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қаржы министрлігімен және Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, консультативтік-кеңесші орган – Мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңес құрылғанын хабарлайды.

Бұл шешім Қазақстан Республикасының 2025–2027 жылдардағы макроэкономика саясатын барынша теңгерімді ету мен мемлекет қаржысының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар Кешенін жүзеге асыру аясында қабылданды. 

Кеңес қызметі мемлекеттік қарыз алу құнын төмендету үшін мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының тереңдігін, өтімділігі мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор мен корпоративтік эмитенттер нарығының бенчмарк көрсеткіштерін қалыптастыруға бағытталған шаралар әзірлеуге бағытталған.

Кеңестің негізгі міндеттері – макроэкономикалық ахуал мен қарыз тұрақтылығын ескере отырып, мемлекет қарызын басқару, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту, сондай-ақ оларды ішкі және сыртқы нарықта орналастыру саясаты бойынша жан-жақты сараланған шешімдер қабылдау. 

Мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңестің құрылуы Ұлттық Банк пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің фискалдық және ақша-кредит саясатын жемісті үйлестіруге, сондай-ақ ішкі бағалы қағаздар нарығын дамытуға басымдық беруге бейіл екенін көрсетеді. 

Мемлекеттік бағалы қағаздардың тиімді әрі өтімді нарығын дамыту мемлекеттік қаржыны орнықтылығын нығайтудың, кірістілік бойынша нарық бағдарларын қалыптастырудың, сондай-ақ елдің қор нарығын одан әрі дамытудың алғышарты саналады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10 
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға