Ұлттық Банк банк секторындағы өзекті мәселелер бойынша банк басшыларымен кездесу өткізді
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Алматы қаласында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, экономиканы кредиттеу аясын кеңейту және макропруденциялық шаралар мәселесі бойынша екінші деңгейлі банк басшыларымен кездесу өткізді. Іс-шараға Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының өкілдері де қатысты.

Кездесу барысында тараптар Ұлттық Банктің макропруденциялық саясат құралдарын одан әрі жетілдіру пайымын талқылады. Екінші деңгейлі банктердің ірі жобаларды, шағын және орта бизнесті, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыруын қоса алғанда, экономиканың нақты секторын кредиттеу аясын кеңейту жөнінде де пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар экономиканы кредиттеудегі негізгі мәселелер мен реттеу шаралары бойынша одан әрі жүргізілетін бірлескен жұмысты жүйеге келтіру төңірегінде уағдаластыққа қол жеткізді.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 775 210
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz