1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Іскерлік белсенділік саудада, құрылыс пен тау-кен өндіру өнеркәсібінде жақсарды

2025 жылғы қарашадағы іскерлік белсенділік туралы ҚҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі

2025 жылғы қарашада өсу жағында сақталған іскерлік белсенділік 50,6 болып, өткен айдағы деңгейде қалды. Индикатор 2024 жылғы наурыздан бері оң аймақта тұр.

Белсенділік көрсеткіші қызмет көрсету секторынан басқа барлық секторда жақсарды – индекс 49,6 (қазанда – 50,4) болып, төмендеу жағына өтті. Тау-кен өндіру өнеркәсібі мен құрылыста индекстер өсу жағына өтіп, тиісінше, 50,5 және 50,4 (қазанда – 48,7 және 49,7) болды. Саудада көрсеткіш қазандағы 50,2-ден – қарашада 51,5-ке дейін жақсарғаны байқалды. Өндірісте көрсеткіш 51,8-ге дейін (қазанда – 52,9) біршама төмендегеніне қарамастан, өсу жағында қалды.

2025 жылғы қарашада бизнес-ахуал индексі (БАИ) 9,0 дейін (қазанда – 7,1) көтерілді. Себебі бизнес жүргізудің қазіргі және келешек жағдайын бағалау көрсеткіші жақсарып отыр. Ал, бизнес-цикл «сағатының» индикаторы өсу аймағында сақталып қалды.       

Кәсіпорындардың бағалауы бойынша, жалпы олардың өніміне/көрсетілетін қызметіне деген сұраныс баяулаған. Бұл ретте тау-кен өндіру өнеркәсібі мен саудада ғана сұраныс аздап өскені байқалады. 

Толығырақ – Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға