Салалық шолу: сұралған салалардың жартысында дайын өнімге сұраныс артты
2025 жылғы III тоқсанда экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарда (салалық конъюнктуралық шолу) жүргізілген сауалнама нәтижесі туралы ҚРҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявскийдің түсіндірмесі
2025 жылғы III тоқсанда сауалнамаға қатысқан салалардың жартысы дайын өнімге сұраныс артқанын атап өтті. Олардың басым бөлігі 2025 жылғы IV тоқсанда да дайын өнімге сұраныс артады деп күтеді.
Сұралған салалардың жартысында дайын өнім, шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқыны бәсеңдеген. 2025 жылғы IV тоқсанда көптеген салада дайын өнім мен шикізат және материалдар бағасының өсу қарқыны бәсеңдейді деп күтілуде.
Сауалнамаға қатысқан салалардың жартысында өндіріс көлемі артқан. 2025 жылғы IV тоқсанда біршама салада өндіріс көлемі ұлғаяды деп күтіледі.
Тау-кен өндіру өнеркәсібі ең табысты сала болып қалып отыр.
Сауалнамаға барлығы 2,7 мыңнан астам тау-кен өндіру өнеркәсібі мен өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік пен қоймада сақтау кәсіпорындары қатысты.
Толығырақ Ұлттық Банктің интернет-ресурсында
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz