1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Алматыда ЕАЭО-ға мүше – Орталық банктердің консультациялық кеңесі отырысы өтті

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер орталық банктерінің басшылары Қазақстан қаржыгерлері конгресі аясында Алматы қаласында өткен Орталық (ұлттық) банктердің консультациялық кеңесі отырысына қатысты.

Отырыста қатысушылар ЕАЭО елдеріндегі қазіргі макроэкономикалық үрдіс пен инфляциялық үдерістерге ықпал ететін басты факторларды талқылап, ақша-кредит саясатының өзекті мәселелері жайында пікір алмасты. Сонда-ақ, жиынға қатысушылар цифрлық қаржы активтері мен криптовалюталарды реттеудегі өз тәжірибесін бөлісті.

Бұдан бөлек, делегация жетекшілері экономикалық турбуленттілік пен цифрлық трансформация жағдайында қаржы жүйелерін реттеу мәселелеріне арналған Қаржыгерлер конгресінің пленарлық отырысына қатысып, ой бөлісті.

Орталық (ұлттық) банктер консультациялық кеңесінің келесі отырысы 2026 жылы Беларусь Республикасында өтеді деген жоспар бар.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына нөмірге хабарласып ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға