Кәсіпорындар 2025 жылғы ІV тоқсанда нақты секторда сұраныс жақсарады деп күтеді
2025 жылғы III тоқсанда кәсіпорындарға жүргізілген мониторингтің нәтижеcі туралы ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі
Кәсіпорындарға жүргізілген мониторингтің нәтижесі бойынша, 2025 жылғы III тоқсанда дайын өнім бағасының өсу қарқыны іс жүзінде өзгеріссіз қалды, ал шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқыны жеделдеді.
Кәсіпорындарда өнім бағасының динамикасын өлшейтін диффузиялық индекс (ДИ) 59,6 болды (2025 жылғы II тоқсанда – 59,7). 2025 жылғы 4-тоқсанда кәсіпорындар дайын өнім, шикізат пен материал бағасының өсу қарқыны бәсеңдейді деп күтеді. Кәсіпорындардың басым бөлігі үшін дайын өнімнің бағасын белгілеудегі ең маңызды фактор – шикізат, материал бағасы мен сұраныс. Шикізат мен материал бағасы біршама өсті, ДИ 73,6 (2025 жылғы II тоқсанда – 73,1) болды.
Кәсіпорындардың дайын өніміне деген сұраныс аздап бәсеңдеді, ДИ – 50,2. 2025 жылғы 4-тоқсанда нақты сектордағы кәсіпорындардың күтулері бойынша сұраныстың өсу қарқыны жеделдейді.
Жалпы экономикада сатудың орташа рентабельділігі (пайызды, салықты және амортизацияны төлеу шығыстарын шегергенге дейін) 25,5%-ға (25,2%) дейін өсіп, тарихи орташа нормадан (23,2%) жоғары қалыптасып отыр.
Нақты сектор кәсіпорындарына жүргізілген сауалнаманың біріктірілген бағалауын білдіретін композиттік озыңқы индикатор (KOИ) нақты секторда экономикалық белсенділік бәсеңдегенін білдіреді.
III тоқсанда сауалнамаға 3 478 кәсіпорын қатысты.
Толығырақ Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz