Ұлттық Банк жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына өзгертулер мен толықтырулар жобасын әзірледі
Ұлттық Банк Ұлттық Банкте жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына[1] өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Басқарма қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленгенін хабарлайды.
Жоба заңды тұлғалардан қолма-қол ақша қабылдау рәсімдерін оңтайландыруға бағытталған өзгертулер мен толықтыруларды енгізуді көздейді, атап айтқанда, заңды тұлғалар Ұлттық банктің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығына ақша тапсырған кезде банкноталарды шығарылған жылы, тозу деңгейі немесе номиналы бойынша сұрыптау талаптары жойылады.
Аталған норма заңды тұлғалар тапсырған қолма-қол ақшаны қабылдау, қайта санау және қаптау рәсімдерін жетілдіру мақсатында енгізіліп отыр.
[1] «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы
28 қыркүйектегі № 120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысы
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz