1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Іскерлік белсенділік өндірісте, қызмет көрсету секторында және саудада өсу аймағында қалып отыр

2025 жылғы қазандағы іскерлік белсенділік туралы ҚҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі

2025 жылғы қазанда іскерлік белсенділік индексі 50,6 (қыркүйекте 50,9) болды. Индикатор 2024 жылғы наурыздан бері оң аймақта тұр.

Өндірісте, қызмет көрсету секторында және саудада белсенділік сақталғаны байқалады, онда индекс тиісінше 53,0, 50,6 және 50,28 (қыркүйекте – 52,9, 50,8 және 50,7) болып, өсу аясында қалды. Құрылыс пен тау-кен өндіру өнеркәсібінде көрсеткіштер теріс аймақта тұр, тау-кен өндіру өнеркәсібінде көрсеткіш қыркүйектегі 49,4-тен қазанда 48,5-ке дейін аздап нашарлағаны байқалды. Құрылыста көрсеткіш айтарлықтай өзгерген жоқ – 49,5.

1-график. Іскерлік белсенділік индексінің (ІБИ)* динамикасы

* Көрсеткіштің 50 деңгейінен жоғары мәні позитивті өзгерісті, 50 деңгейінен төмен мәні теріс өзгерісті білдіреді. Индекстің мәні 50 деңгейінен неғұрлым алыс (жоғары немесе төмен) болса, көрсеткіштің өзгеру (ұлғаю немесе азаю) қарқыны соғұрлым жоғары болады.  

Бизнес жүргізудің келешек жағдайын бағалау көрсеткіші нашарлағандықтан, 2025 жылғы қазанда бизнес-ахуал индексі (БАИ) төмендеп, 7,1 болды (қыркүйете – 10,1). Алайда, жалпы көрсеткіштер оң деп бағаланып отыр, тиісінше бизнес-цикл «сағатының» индикаторы өсу аясында қалды.      

Кәсіпорындардың бағалауы бойынша жалпы олардың өніміне/көрсетілетін қызметіне деген сұраныстың өсу қарқыны өзгерген жоқ, алайда тау-кен өндіру өнеркәсібінде айтарлықтай бәсеңдеу байқалады.

Толығырақ – Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға