1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Азық-түлік, қызметтер мен тауарлар: Қазақстан өңірлеріндегі баға динамикасы

Қыркүйекте елде жылдық инфляция 12,9% болды (тамызда – 12,2%). Жылдық инфляция 18 өңірде жеделдеді, біреуінде баяулап, 1 өңірде бұрынғы деңгейде қалды.    

Қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы жылдық мәнде 12,7%-ды құрады (тамызда – 11,7%). Осы топтағы тауарлардың бағасы Ұлытау облысында (15,8%) жоғары өсім көрсетсе, Алматы қаласында (9,2%) ең төмен өсім тіркелді.             

Қыркүйектің қорытындысы бойынша азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы жылдық мәнде 10,8%-ға өсті (тамызда – 9,7%). Ең жоғары мән Ақтөбе облысында (13,2%), ең төменгі мән Алматы қаласында (8,6%) тіркелді.                  

Қыркүйекте ақылы көрсетілетін қызмет бағасының өсу қарқыны жылдық мәнде өзгеріссіз қалды – 15,3% (тамызда – 15,3%). Ал, Қызылорда облысында (9,6%) баға жалпы республикалық деңгейден біршама төмен өсті.                  

Қыркүйекте ел көлемінде айлық инфляция 1,1%-ға өсті.             

Толық ақпарат: Ұлттық Банктің интернет-ресурсында.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға