Іскерлік белсенділік өндірісте, көрсетілетін қызметтерде және саудада өсу аймағында қалды
2025 жылдың қыркүйек айындағы іскерлік белсенділік туралы ҚҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі
2025 жылдың қыркүйек айында іскерлік белсенділік 50,9 (тамызда 51,0) болып, өзгеріссіз қалды. Индикатор 2024 жылғы наурыздан бастап оң аймақта тұр.
Өндірісте, қызмет көрсету секторында және саудада белсенділік сақталды, онда индекс тиісінше 53,0, 51,0 және 50,8 (тамызда – 53,8, 51,2 және 51,2) болып, өсу жағында қалды. Құрылыс пен тау-кен өндіру өнеркәсібінде көрсеткіштер теріс аймақта қалғанына қарамастан, 49,5-ке және 49,3-ке дейін (тамыздағы 48,1 мен 48,3-тен) жақсарғаны байқалды.
1-график. Іскерлік белсенділік индексінің (ІБИ)* динамикасы

* Көрсеткіш мәні 50-ден жоғары болса – оң өзгерісті, төмен болса – кері өзгерісті білдіреді. Индекс мәні 50-ден қаншалықты алшақ (жоғары немесе төмен) болса, көрсеткіштің өсу қарқыны (артуы немесе кемуі) соғұрлым жоғары болады.
Кәсіпорындардың бизнес жүргізудің қазіргі және келешек жағдайын бағалауы нашарлауы себепті 2025 жылғы қыркүйекте бизнес-ахуал индексі (БАИ) төмендеп, 10,3 болды. Алайда, жалпы көрсеткіштер оң бағаланып отыр, тиісінше бизнес-цикл «сағатының» индикаторы өсу жағында қалды.
Кәсіпорындардың бағалауы бойынша, олардың өніміне/көрсетілетін қызметіне сұраныс өсті, бірақ қарқыны баяу. Ең көп сұраныс өндірісте болды.
Толығырақ – Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz